
2025 жылғы 16 маусымда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті сыра мен сыра сусындарының таңбалануы мен қадағалануын енгізу бойынша жүргізілген реттеушілік әсер есебіннің нәтижелеріне көпшілік талқылау zoom конференция арқылы өтетінін хабарлайды
Іс-шарада міндеттемелерді жүргізу кезінде реттеушілік әсерді жүргізілетін талдау қорытындылары талқыланатын болады:
– «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м. а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасы;
– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Сыра мен сыра сусындарын сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы;
– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Сыра мен сыра сусындарын таңбалауда қолданылатын бақылау (идентификациялық) таңбасының, сәйкестендіру құралының шекті құнын айқындау туралы» бұйрығының жобасы.
Қатысуға қоғамдық ұйымдардың, бизнес қауымдастықтардың өкілдері шақырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1010717?lang=kk

Жауап қалдыру