Атырауда 20-22 мамыр аралығында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында Qaztest жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу жүргізілді.
Тестілеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы мен Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, “Тіл” оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Диагностикалық тестілеуге мемлекеттік органдардың, бюджеттік мекемелер мен “ ҚазТрансОйл”, “Қазақстан Темір жолы” компанияларының 600 қызметкері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1010701?lang=kk

Жауап қалдыру