Құрметті салымшылар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ Сізді қырағы болуға шақырып,
дербес деректеріңізді мұқият қорғау қажеттілігі туралы ескертеді.
Интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Ондай кезде қаскүнемдер
өздерін мемлекеттік органдардың немесе қаржы ұйымдарының қызметкері
ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуге
тырысады.
Назар аударыңыз:
• “БЖЗҚ” АҚ қызметкерлері телефон арқылы қоңырау шалмайды.
o ЖСН, жеке куәлік нөмірі;
o банктік карталар немесе шоттар туралы мәліметтер;
o SMS растау кодтары;
o қолданбалар мен басқа қызметтердің құпия сөздері
туралы мәліметтерді беруіңізді өтінбейді.
• “БЖЗҚ” АҚ телефон арқылы ықтимал күдікті әрекеттер немесе “қаражатты
бұғаттау” туралы хабардар етпейді.
• Кез келген ресми ақпарат салымшының жеке кабинеті, Қордың ресми сайты
арқылы немесе салымшы “БЖЗҚ”АҚ филиалына жеке өтініш жасаған кезде
беріледі.
Өзіңізді қалай қорғауға болады:
• Өздерін “БЖЗҚ” АҚ немесе мемлекеттік құрылымдардың қызметкері
ретінде таныстырса да, құпия деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.
• Түскен ақпараттың дұрыстығын ресми дереккөздер (www.enpf.kz сайты,
1418 байланыс орталығы) арқылы тексеріңіз.
• Күмәнді қоңыраулар жасалып, хабарламалар алған жағдайда — қарым-
қатынасты дереу тоқтатып, алаяқтық әрекет туралы құқық қорғау
органдарына хабарлаңыз.
Зейнетақы жинақтарыңыз бен жеке мәліметтеріңізге сақ болыңыз! Оларды
сауатты қорғай біліңіз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1010359?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді