Құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы мәслихатының құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында 2024 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы есеп пен 2025–2027 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

🔹 Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы скверлер мен фонтан кешендерін абаттандыру жобаларын, сондай-ақ Ерменсай ықшам ауданындағы экопарк пен Наурызбай ауданындағы жаңа скверге қатысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын таныстырды.

🔹 Құрылыс басқармасы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы нысандардың құрылысы мен сейсмокүшейту жобаларын ұсынды. Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, емханалар мен театрлар бар. Сондай-ақ «1300 мектепті реновациялау» ұлттық жобасы аясындағы дайындық жұмыстары басталды.

🔹 Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қатысты жобаларды әзірлеуді жалғастыруда.

🔹 Жер қатынастары басқармасы пайдаланылмай жатқан немесе мақсатсыз қолданылып жатқан жер телімдеріне жүйелі бақылау жүргізуде. Сонымен қатар, жаңа құрылыс нысандарына жер беру және тиісті жобаларды қарау жұмыстары жалғасуда.

Депутаттар үнемделген қаражатты ескеріп, бюджетті қайта қарау мен оны басым бағыттарға қайта бөлу мәселесін талқылады. Комиссия мүшелері басталған жобаларды уақытылы аяқтаудың және мердігер ұйымдардың жұмыс сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1010162?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді