«Сарыарқа» ауданында жаңартылған 16 аула пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сарыарқа» ауданы кішкентай тұрғындарын жаңартылған аулалармен қуантты.

 

Күрделі жөндеу жүргізілген аулаларда заманауи резеңке төсемдер төселіп, ойын элементтері жаңартылды, сондай-ақ спорт және футбол алаңдары жабдықталды. Бұл жобалар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері негізінде жасалды. Атап айтқанда, Ы. Дүкенұлы – Ш. Айманов – Республика– Бөгенбай батыр даңғылы квадратындағы аумақтағы 6 аула, сонымен қатар Павлов көшесі 29, Ы. Дүкенұлы 37/1, Республика даңғылы, 39 және т.б. мекенжайындағы аулалар жаңартылды.

 

Жаңартылған аулалардың салтанатты ашылуынан кейін балалар өздерінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен кездесіп, түрлі ойындар мен байқауларға қатысып, естелік сыйлықтарға ие болды.

 

Ауданды абаттандыру жұмыстары тек аулалармен шектелмейді. Ағымдағы жылы А. Мәмбетов, Гёте, Ғұмар Қараш көшелері мен Республика даңғылы қайта жөндеуден өтеді. Жаңа көше жиһаздары орнатылып, ескі жарық шамдары жаңасына ауыстырылып, қосымша жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, бұрын бос жатқан және пайдаланылмаған аумақтарда жаңа қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1010441?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді