
30 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлері арасында үстөл теннисінен республикалық турнир өтті.
Жарысқа Бас прокуратураның, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың, Бас көлік және Бас әскери прокуратураның қызметкерлері, сондай-ақ Құқықтық статистика және активтерді қайтару комитеттерінің, Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері қатысты.
Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен келген әріптестер арасындағы қарым-қатынас пен кәсіби және спорттық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды. Турнирге қатысушылар ерлер де, әйелдер де тамаша дене шынықтыру дайындығын, жеңіске деген жігер мен тарихи естелікке құрмет көрсетті.
Ерлер арасындағы шиеленісті және қызықты жекпе-жектердің нәтижелері бойынша 3-орынды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы – Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Куртаев Данияр Жомартұлы иеленді.
Жеңімпаздар мен призёрлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1010323?lang=kk
Жауап қалдыру