
Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балалар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Әрбір ата-ана өз баласын болашағы санайды, үміт артады,олардың қатарынан қалмай, жақсы азамат болып қалыптасуы үшін барлық тәлімі мен тәрбиесін береді.Ал,балалар сол сенімді ақтауға ұмтылады.Бұл перзенттік парызы екенін олардың сезінері сөзсіз.Ал, жарқыраған жаз айымен бірге келген мерекелер, балалар күні балалардың жарқын шағы сияқты әсер берері анық.
Даналық сөзінде «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дейтін халқымыз ұлды ұятты, қызды ибалы етіп тәрбиелеген.. «Баланы-бастан» деп, бесіктен белі шыққан күйден ұрпағын ұлағаттылыққа баулыған,әр қадамына алаң көңілмен қараған, сауатты,салауатты болып өсуін назардан тыс қалдырмаған.
Баршаға белгілі, әрбір отбасы үшін бала көңілдің гүлі, көзінің нұры,жүрегіне түскен шуағы. Сондықтан балалар мерекесі баршамыз үшін ең бір елеулі шақ пен шаттықтың шадыман шағы болып саналады.Сол күні балғындарымызға барынша қуаныш сыйлауға ұмтыламыз,елеулі сәтті естен кетпестей өткізуге барымызша атсалысамыз.Өйткені, бүгінгі бала бір шаңырақтың қуанышы болса,ертең елдің елеулі тұлғасына айналуы бек мүмкін.Ал,жақсылыққа жақын жүрген балақайлардың бойында ұлтжандылық, отаншылдық, патриотизм әркез асқақ жүрері сөзсіз.
Балаларға айтарым,Сіздердің отбасындағы бақытты балалық шақтарыңыз Отанның, елдің перзенті болар биікке жетелесін.
Қымбатты балалар!
Егемен еліміздің бақытты ұрпағы ретінде Сіздердің болашақта білімді де білікті, зерделі, зейінді болып ер жетулеріңізге тілектеспін.
Келешектеріңіз кемел,мақсаттарыңыз биік, аспандарыңыз ашық болсын!
Құрметпен, Д.Тоғызбаев
Әйтеке би ауданының әкімі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1010313?lang=kk
Жауап қалдыру