
Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Әбенұлының төрағалығымен өткен жиынға дербес бөлім басшылары, қала әкімінің аппарат қызметкерлері, жауапты мамандар қатысты.
Жиында сөз алған қала әкімі аппаратының Заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бас инспекторы Сейфуллин Бақытұлы дербес бөлімдерге жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады.
Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы Бауыржан Әбенұлы мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай ақ, сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарына жол бермеу және алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқару жөнінде ескертті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1010703?lang=kk

Жауап қалдыру