
«Мастер-кластар мозаикасы» семинарларын өткізу әдістемелік қызмет шеңберінде дәстүрге айналды, бұл педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру үшін маңызды болып табылады.
30 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мастер-кластар мозаикасы. Педагогикалық дуэт: кәсібилікке бастайтын жол» атты семинар өтті.
Іс-шара барысында «Үздік педагог» атағына ие болған педагог -шеберлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, келесі тақырыптар бойынша мазмұнды шеберлік дәрістерін, шеберлік сыныптарын өткізді: «Тәлімгерлік – кәсіби шеберлікті дамытудың басты факторы» Қасымжанова С.Б., Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы; «Руханият шаралары арқылы шығармашылық дағдыларын дамытып, АРЛЫ ТҰЛҒА қалыптастыру» Серкешбаева Г. Н., Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы; «Жас оқытушылардың кәсіби қалыптасуындағы педагогикалық тандемнің рөлі (жобалау және сабақтан тыс қызмет мысалында) Семкина Н.В., Щучинск қаласы, жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы; «Тәлімгер мен жас маман үндестігі: кәсіби даму негізі» Сұлтанова Қ.С., Степногорск қаласы, тау-кен техникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы; «Педагогикалық өзара іс қимыл жас маманды қалыптастырудың негізгі ресурсы ретінде» Нарбаева Р.Т., Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы.
Семинар жас әріптестер арасында жетекші педагогтердің үздік тәжірибелерін тарату алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1010431?lang=kk

Жауап қалдыру