Тайынша, Сергеевка қалаларында және Бескөл ауылында АТТ мүшелеріне арналған оқыту семинарлары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 29–30 мамыр аралығында Тайынша, Сергеевка қалаларында және Бескөл ауылында облыстың барлық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне және дін саласындағы мамандарға арналған оқыту семинарлары өтті. Іс-шаралар ДІБ конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен, және «Демеу» ЖКЕМ қолдауымен өткізілді.

Семинарлардың мақсаты – діни қауіпсіздік, деструктивті ағымдардың алдын алу және халықпен тиімді түсіндіру жұмысын жүргізу бағытында АТТ мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру.

Спикерлер ретінде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері: М. Қалманов (Астана қ.ДІБ жанындағы Діндерді зерттеу орталығының теологы), Н. Нұрмағамбет (ДІБ экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы бөлімінің басшысы), Е. Сыздықов (КҚТД орталғының қарсы насихат жұмысы бөлімінің басшысы) сөз сөйледі.

Қатысушыларға ҚР дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, деструктивті діни ағымдарды тану әдістері және азаматтардың осал санаттарымен жұмыс істеу алгоритмдері ұсынылды. Интернет-кеңістік мәселелеріне — онлайн-арбау тәсілдеріне, әлеуметтік желілердегі манипуляциялық әдістерге және цифрлық радикалдануға қарсы іс-қимыл шараларына ерекше назар аударылды.

Семинарлар практикалық жағдайларды талқылаумен және тәжірибе алмасумен қатар жүрді. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, көтерілген тақырыптардың өзектілігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1010267?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді