
Маусымның 2 тұрақты комиссиялардың біріккен отырысын өтті. Әріптестеріммен кезекті 25 сессия материалдарын қарастардық.
Отырыс барысында Орталық емхана жұмысы, қала тұрғандарына көрсетілетін медициналық көмектің қол жетімділігі, алдағы жылыту маусымына дайындық туралы баяндамаларды тыңдалды. Аталған мәселелер бүгінгі күні өзекті мәселелер қатарында.
Талқылау барысында жергілікті емхананың кадрлық саясатын жетілдіруге, қаржы ресурстар мен науқастардың емханада болу уақытын оңтайландыруға, жас мамандарды тартуға және т.б. баса назар аударылды.
Қыс мезгіліне дайындық мәселесіне келсек, ОЖЖ қосу жоспарланған үйлерді дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр, атап айтқанда КҚТҮ және әлеуметтік-мәдени нысандар орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын болады. Сондай-ақ, жылу желілерін дайындау жұмыстарының кезеңдері белгіленді. Ақтас кентіндеде қазандықтар мен жылу желілерін кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Әріптестерімізбен жергілікті жылу көдерінің жұмыстары, күлді шығару, отын дайындау және т.б. туралы бірқатар сұрақтар қойдық.
Толық ақпаратты кездесудің тікелей трансляциясы сақталған Facebook парақшамыздан көре аласыздар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran/press/news/details/1010743?lang=kk

Жауап қалдыру