«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Еңбекші ауданының прокуратурасының үйлестіруімен тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында мемлекеттік органдармен қоса «Сана Сезім» қоғамдық бірлестігі, «Көмек» дағдарыс орталығы, «Ана үйі» қоғамдық қоры, «№3 әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мен «Отбасын қолдау орталығы» мекемелерінің және Шымкент қаласының «Әділетті – Алқа билерінің» билерінің мекемеаралық әрекеттестігі күшейтілді.
Бұл ретте осы ұжымның қатысуында 28.05.2025ж. комиссиялық түрде тұрмыстық қиын жағдайға түскен отбасылармен жеке кездесулер өткізіліп, барлық отбасыларға тиісті көмек көрсетілді.
Аудан прокуратурасының тікелей араласуымен ұзақ уақыт жертөлені паналап келген жалғыз басты ана көмек көрсету орталығына орналастырылды.
Бұл отбасын қауіпсіз ортаға көшіру арқылы балалардың құқықтарын қорғау және оларға қажетті әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетуге бағытталған маңызды қадам.
Мағыналас іс-шаралар тұрақты түрде өткізу жоспарланды.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1010517?lang=kk

Жауап қалдыру