Тырысқақ анықталған жағдайда іс-қимыл жүргізу бойынша оқу-жаттығу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жезқазған теміржол вокзалында Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жолаушылар пойызында аса қауіпті және карантиндік жұқпалы ауруларға (тырысқақ) күдіктенген немесе анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шараларға арналған оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – жұқпалы ауру жағдайында шұғыл әрекет ету алгоритмдерін пысықтау, түрлі мекемелер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыру және теміржол көлігінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Шара барысында теміржол вокзалының қызметкерлері мен медициналық персоналдар арасында эвакуациялау, оқшаулау, жолаушыларды тексеру және залалсыздандыру тәртібі бойынша тәжірибелік іс-қимылдар жүргізілді. Сонымен қатар, эпидемиолог мамандар қатысушыларға тырысқақ ауруының таралу жолдары, алғашқы белгілері және алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың дайындық деңгейі мен өзара әрекеттесу тиімділігі оң бағаланды. Мұндай оқу-жаттығулар халықтың денсаулығын сақтау және теміржол көлігінде қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде өткізіліп отырады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1010508?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді