
“Oi–Qaragai“ тау курортында балалар демалысы маусымының ашылуы қарсаңында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Жазғы маусымға дайындық шеңберінде мамандар объектілерге профилактикалық бақылау жүргізді, құлақтандыру жүйелерін, эвакуациялық шығу жолдарын және алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуын тексерді.
Сондай–ақ қауіпсіз эвакуациялау және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқу–жаттығу ұйымдастырылды.
Іс–шараларға курорт қызметкерлері мен медицина қызметкерлері қатысты, олармен Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Мұндай алдын алу шаралары таулы жерлерде балалардың қауіпсіз және ұйымдасқан демалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Алматы облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1010695?lang=kk

Жауап қалдыру