
Облыстық «Алтын қазына – 2025» көркемөнер және сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауына Павлодар қаласының 12 – 16 жас аралығындағы көркемсурет мектебінің 19 оқушысы қатысты. Байқау «Тоқыма», «Қағаздан жасалған бұйымдар», «Ағашқа сурет салу», «Шағын пішінді мүсіндер жасау» номинациялары бойынша өтті.
– «Алтын қазына» байқауы балалардың сәндік-қолданбалы өнерге, халқымыздың дәстүрлі өнеріне деген сүйіспеншілігін дамытады. Биылғы жылы байқауға қатысушылар саны артқанын атап өткім келеді, – деп атап өтті мектеп басшысы Магзамова Ляйля Мукарамовна.
Байқау қорытындысы бойынша Павлодардың жас суретшілері 7 жүлделі орынға ие болып, 2 және 3 дәрежелі дипломанттар атанды.
13 – 14, 16 жас аралығындағы қатысушылар арасында мектептің 4 оқушыжұмыстары үшін: папье-маше техникасындағы «Түйе» Левадная Ясмина, ағашқа сурет салу техникасындағы «Тарихқа саяхат» Толеубай Майя, гофракартоннан аппликация техникасындағы «Қазақстан петроглифтері» Жусупбаева Айсу, қыш балшық техникасындағы «Кесе» Исламбек Азиза II дәрежелі дипломанттар атанды, педагогтері Айдана Мерғалиева, Валентина Степанко, Олжас Жамиш.
12, 14 жастағы қатысушылар арасында мектептің3 оқушы жұмыстары үшін: көлемді пластик техникасындағы «Козел» Исламбек Азиза, қыш балшық техникасындағы «Тостаған» Омаров Амерхан, киізден жасалған коллаж техникасындағы «Дастархан» Даулетбаева Адель III дәрежелі дипломанттаратанды, педагогтері Светлана Рейн, Олжас Жамиш, Айдана Мерғалиева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1010850?lang=kk

Жауап қалдыру