Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылысы ұзаққа созылған объектілерді аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілерімен бірлесіп, проблемалы нысандардың бірі – «Талдықорған қаласының суару желілерін реконструкциялау» нысанына көшпелі мониторинг жүргізді.

Мониторингтің өткізілуі «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының міндеттерін практикалық іске асыруға бағытталған, оның ішінде мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде ашықтықты қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту бар.

Іс-шараға Жетісу облысының құрылыс басқармасының, «KC Construction» ЖШС мердігер ұйымының өкілдері, техникалық қадағалау мамандары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар қатысты.

Құрылыс басқармасының ақпаратына сәйкес, жоба бұрын пайдаланылмаған суармалы жерлерді қалпына келтіруге және өңірде су пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұған дейін жұмыстарды “МОНОЛИТ” ЖШС орындаған болатын, алайда шарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты осы компаниямен келісімшарт бұзылды. Облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мердігерге 134,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Бүгінгі таңда реконструкциялау жұмыстары конкурс рәсімдерінің нәтижелері бойынша таңдалған жаңа мердігер ұйым – «KC Construction» ЖШС-мен жалғастырылуда. Мердігер арналарды және суару желілерінің түбін механикалық тазалау жұмыстарын бастады.

Мониторинг қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесін қысқа мерзімде бекіту, көзделген бюджет шеңберінде жобалық міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін жобаны іске асыруды бақылауды күшейту ұсынылды.

Мониторинг жобаны іске асырудың барлық кезеңдері толық аяқталғанға дейін тұрақты негізде жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/1010428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді