Жетісуда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30 мамырда Жетісу облысында ауқымды «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы болып өтті. Аудандар мен қалалардың тұрғындары құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан, сондай-ақ заңгерлер мен адвокаттардан білікті заңгерлік көмек алды.

«Халық заңгері» акциясы — Қазақстан үшін игі дәстүр. Ол еліміздің барлық қалалары мен ірі елді мекендерінде бір мезгілде өтіп, азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетті.

Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік шиеленісті азайту. Әрбір азамат өз мәселелерін құқықтық тұрғыда шешуде білікті қолдау ала алды.

Жетісу облысында акция 8 аудан мен 2 қалада өткізіліп, 267 маман кеңес берді. Олардың арасында адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, сот орындаушылары, полицейлер, мемлекеттік органдардың басшылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер, салық органдары, жылжымайтын мүлікті тіркеу және әділет басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер болды.

Акция барысында 590 азамат түрлі мәселелер бойынша кеңес алды. Оның ішінде 131 адам Талдықорғанда, ал қалған 459 азамат облыс аудандарында көмек алды.

Өткізілген жылдар ішінде «Халық заңгері» акциясы өз миссиясының маңыздылығы мен өзектілігін растап, сұранысының жоғары екенін дәлелдеді. Ол заңгерлік көмек алудың сенімді арнасы және халықтың құқықтық хабардар болуына бағытталған маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/1010881?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді