
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Жолда қабылдау» дәстүрлі акциясы аясында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге кеңес беруді жалғастыруда.
2 маусым күні Петропавл қаласының оңтүстік шығыс қақпасында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылды. Бұл орынның ерекшелігі – азаматтарды облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, қалалық патрульдік полиция батальонының командирі және әкімшілік полицияның тәжірибелі қызметкерлері тікелей қабылдады. Осындай қабылдау нүктелері облыстың барлық аудандарында орналастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – азаматтар, полиция және жол қызметтерінің өкілдері арасында тікелей әрі ашық диалог орнату. Іс-шараға қатысушылар жол инфрақұрылымына және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты өз сауалдарын, ұсыныстарын және мәселелерін айту мүмкіндігін белсенді пайдаланды.
Сұрақтардың басым бөлігі жол жабынының сапасына, шұңқырлар мен ойықтардың болуына, сондай-ақ жол белгілерінің жай-күйіне қатысты болды. Кейбір тұрғындар өзге де инфрақұрылымдық олқылықтарға алаңдаушылық білдірді. Барлық пікірлер назарға алынды, ал көтерілген мәселелердің басым бөлігіне полиция қызметкерлері сол жерде толыққанды жауап берді. Сондай-ақ азаматтарға болашақта жол инфрақұрылымындағы бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы қалай хабарлауға болатыны жөнінде ақпарат берілді. Мұндай іс-шаралар жедел әрекет етумен қатар, халық пен полиция арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.
«Жолдақабылдау» акциясының келесі кезеңдері 8 және 15 маусымға жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1011063?lang=kk

Жауап қалдыру