
Форумға қалалық қоғамдық кеңес өкілдері, аналар және ақсақалдар кеңесі мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, білім, құқық қорғау, денсаулық сақтау салаларының өкілдері мен жастар қатысты. Шараның басты мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, еңбекқорлықты насихаттау және елге адал қызмет етіп жүрген қарапайым азаматтардың еңбегін дәріптеу дейді шара ұйымдастырушысы.
– Мемлекет басшысы 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осы орайда бүгінгі форумға тек спортшылар мен өнер адамдары ғана емес, күн сайын қаланың тыныс-тіршілігіне үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшы мамандар да қатысып отыр. Үйлеріміздің жарығы сөнбей, жылуы үзілмей тұруы – сол кісілердің ерен еңбегінің нәтижесі. Олар – шынайы патриоттар. Біз олардың үлгілі істерін жастарға өнеге ретінде көрсетуіміз керек, – деді «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының басшысы Жақсыгүл Маханбетова.
Шара соңында қаланың үздік патриот жастары марапатталды. Сондай-ақ қатысушылар «Атамекен» әні аясында көк туды желбіретіп белсенділік танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1010861?lang=kk

Жауап қалдыру