№36 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА БАЛАЛАР ҮШІН МЕРЕКЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында №36 қалалық емханада кішкентай пациенттерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Балалар үшін көңілді бағдарлама әзірленді: түрлі ойындар, сайыстар мен аквагрим. Әр балаға сыйлық табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Емхана іші нағыз мейірім мен қуанышқа бөленді – көңілді музыка ойнады, медицина қызметкерлері балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, ерекше жылы әрі шаттыққа толы күн сыйлады.

Іс-шара республикалық «Дәрігер – балалардың жанашыры» науқаны аясында өтті. Бұл – медициналық мекемелердің балаларға деген шынайы жанашырлығы мен қамқорлығының тағы бір айғағы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1008846?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді