
“Бар мейіріміміз – балаларға!”
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауылымызда “Бар мейіріміміз – балаларға” атты мерекелік ойын-сауық кеші ұйымдастырылды.
Шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Белсенді қатысқан балаларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік танытқан ауыл азаматтарына алғысымыз шексіз!
Атап айтқанда:
•Умирбаевтар отбасы,
•Догоманов Тілеужан,
•Ауыл әкімі Дюсембеков Дәулет,
•Екіаша орта мектебі
өз тараптарынан бүлдіршіндерге балмұздақтар мен салқын сусындар таратты.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар да назардан тыс қалмай, оларға да арнайы сыйлықтар тарту етілді.
Осындай игі іс-шараны ұйымдастырып, балақайлардың жүздеріне қуаныш, жүректеріне шаттық сыйлаған демеушілер мен ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Барша балаларға зор денсаулық,
шат-шадыман күлкі,
бейбіт өмір мен
бақытты балалық шақ тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-ekiasha/press/news/details/1009103?lang=kk

Жауап қалдыру