
Бүгін Мұқаншы ауылдық округінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі ерекше шаттықпен және көтеріңкі көңіл-күймен атап өтілді.
Мерекелік іс-шара аясында балаларға арналған концерттік бағдарлама, түрлі спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталып, мереке соңында барлық балаларға балмұздақтар таратылды.
Бұл игі шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдіріп, демеушілік жасаған кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Балалар – біздің болашағымыз! Олардың шат күлкісі мен қуанышы – баршамыз үшін баға жетпес бақыт!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/1009385?lang=kk

Жауап қалдыру