
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында 2025 жылғы 29-30 мамырда ана өлімін төмендету мақсатында жүкті әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі үйлестіру кеңесінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Нұрлыбаев Е.Ш., Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тажибаев Б.Д. төрағалық етті.
Кездесуге еліміздің 20 өңірлік перинаталдық орталығының басшылары мен облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты. Ақтөбе облысының атынан басты акушер-гинеколог Ақатаева А.Н. сөз алып, өңірдегі босану қызметінің өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады.
Баяндамада ана мен нәресте өлім-жітімі көрсеткіштерінің төмендегені атап өтілді. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы перинаталдық көмектің сапасын арттыруға баса назар аударып, негізгі көрсеткіштерді тұрақты түрде бақылауда ұстап келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1008774?lang=kk

Жауап қалдыру