Абай облысында «AMANAT» партиясы филиалының жаңа төрағасы сайланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңір орталығында «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының кезектен тыс XI конференциясы өтті. Алқалы жиынға «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының басшылары мен мүшелері қатысты.

🔺Конференция барысында партияның облыстық филиалы төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Ашық дауыс беру нәтижесінде бұл лауазымға Айдар Садырбаев сайланды. Бұған дейін олАбай облысы әкімдігінде ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Айдар Серікқазыұлы, Сізді жаңа лауазымға сайлануыңызбен құттықтаймыз! Қызметіңізге сәттілік, ел игілігі жолындағы еңбегіңізге толағай табыс тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1011154?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді