Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сауле Садвакасова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Шымкент қаласында өткен көшпелі алқа отырысына қатысты. Отырыс барысында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелер талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Алқа шеңберінде жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған иммунопрофилактика мәселелері, соның ішінде вакциналарды сақтау кезінде температуралық режимнің — яғни «суық тізбектің» — өңірлерде сақталуын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) кезінде медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы мен профилактика шараларына ерекше назар аударылды.
Ұлттық сараптама орталығы мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Эпидемиологиялық қадағалау сапасын арттыру, инфекциялық аурулардың өршуін жедел анықтау мен алдын алу, сондай-ақ зертханалық диагностика жүйесін жетілдіру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
Бұдан бөлек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) «Сау қалалар», «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» және «Салауатты жұмыс орындары» сияқты халықаралық бастамаларын енгізу тәсілдері жеке блок ретінде талқыланды. Осы бағдарламалар аясында Қазақстанда қолайлы орта қалыптастыру және халықтың денсаулығын нығайту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмысқа түрлі салалар тартылып, ағартушылық қызметтер және салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау бағытындағы шаралар жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1011158?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді