
Ақтөбе қаласында және облыста ұлттық аккредитациядан өтуді жоспарлап отырған медициналық ұйымдардың қызметкерлерін оқыту басталды. Бұл бастама облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен медициналық қызметтердің сапасын арттыру және заманауи стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.
Оқытуға мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелердің өкілдері – басшылар, дәрігерлер, медбикелер және техникалық персонал қатысуда.
Сабақтарды еліміздің әр өңірінде сыртқы кешенді бағалауға қатысқан тәжірибелі, сертификатталған ұлттық аккредитация сарапшылары жүргізуде. Оқытудың негізгі мақсаттары:
* Ұлттық аккредитацияның өзекті стандарттарымен таныстыру
* Құжаттама жүргізу, ішкі аудит және тәуекелдермен жұмыс дағдыларын дамыту
* Мекеме деңгейінде сапаны басқару жүйесін қалыптастыру
* Стандартты операциялық рәсімдерді әзірлеу және күнделікті жұмысқа өзгерістер енгізу бойынша практикалық ұсынымдар беру
Жыл соңына дейін облыс бойынша 20-дан астам медициналық ұйым, оның ішінде 8 жекеменшік мекеме, медициналық көмектің сапа стандарттарына сәйкестігін растауды жоспарлап отыр.
Алғашқы оқыту сабағын ұлттық аккредитация сарапшылары – медицина ғылымдарының кандидаты, басқарманың бас аллерголог-пульмонологы Хайруллина З.С., СББ және ЭҚ бойынша үйлестіруші Ельдесова Б.Н., сарапшы Крышкина Т.В. өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1008779?lang=kk

Жауап қалдыру