
2025 жылғы 1 мамыр мен 31 мамыр аралығында Атбасар ауданының прокуратурасы «Заңды білемін» атты кәмелетке толмағандар арасында онлайн-байқау ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ауданның балалары мен жасөспірімдері байқауға белсенді қатысты. Олар заңды қалай түсінетіндерін бейнероликтер арқылы көрсетіп, өз жұмыстарын Instagram әлеуметтік желісіндегі аудан прокуратурасының ресми парақшасын белгілей отырып жариялады.
Байқау жастар мен олардың ата-аналары тарапынан үлкен қолдау тапты. Қатысушылар шығармашылық танытып, құқықтық тақырыпқа жауапкершілікпен қарағандарын көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
Жеңімпаздарға аудан прокуратурасының атынан алғыс хаттар табысталды.
Аудан прокуратурасы байқауға қатысқан барлық балаларға алғысын білдіреді.
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1009354?lang=kk

Жауап қалдыру