Аудан орталығында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым күні аудан орталығындағы орталық саябақта Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл күн балалар үшін көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше қуаныш сыйлаған нағыз шаттық мерекесіне айналды.

Мерекелік шара аудан әкімінің құттықтау сөзімен басталды. Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, оларға жарқын болашақ, мықты денсаулық пен бақыт тіледі. Сондай-ақ, ауданның қоғамдық және мәдени өміріне белсене араласып жүрген балаларды марапаттап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Іс-шара барысында балалар мен ата-аналарға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Әншуақ» атты мерекелік концерт, ұлттық ойындар, қызықты конкурстар, вело жарыс, асфальтқа сурет салу және караоке арқылы ән айту сынды көңілді бағдарламалар тұрғындарға ерекше әсер қалдырды.

Балалардың жүзіндегі күлкі мен шаттық бұл күннің қаншалықты маңызды әрі есте қаларлық болғанын көрсетті. Мереке соңында барлық қатысушыларға тәттілер мен естелік сыйлықтар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1009050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді