БАЛА ДЕГЕН БІР БАҚЫТ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше кентіміздің орталық алаңында 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік шараға Жақсықылыш кент әкімі міндетін уақытша орындаушы Н.Серікбаев ,№19 орта мектеп директоры Л.Есжанова бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

          Мерекелік шараға «Асылым», «Күншуақ» балабақшалары, мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндерімен қоса, кент балалары да қатысты. Балалар ұшқыр қиялдарына ерік беріп тас жолға сурет салудан сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша демеушілер дайындаған арнайы сыйлықтары бүлдіршіндерге үлестірілді.

Сонымен қатар, балалар  күні қарсаңында балаларға арналып бетке сурет салу көрмесі де ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-zhaksyqylysh/press/news/details/1009284?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді