“Балдырған” жазғы лагері ашылды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балды”рған” жазғы лагері ашылды! 🌞

Бүгін Омар Молдағожин атындағы орта мектебінде жаздың жарқын бастамасы – “Балдырған” жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті! 🎈

Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі лагерь өмірінің әсерлі сәттерінің бастауы болды. Ашылу салтанатында патриоттық әндер шырқалып, шығармашылық нөмірлер көрсетілді. ✨

*Лагерь мақсаты* – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізу, шығармашылығын дамыту, денсаулығын нығайту және достық қарым-қатынасты қалыптастыру. 🏕️

Алда түрлі ойын-сауық бағдарламалар, спорттық жарыстар, танымдық сағаттар мен қызықты экскурсиялар күтіп тұр!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1010389?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді