
Балаларды қорғау күні тек мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бүгін 2025 жылдың 1 маусым күні,
Достық ауылдық округінде балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекенің бірі саналатын 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жастар саябағында «БАР МЕЙІРІМІМІЗ – БАЛАҒА!» атты іс-шара өтті.
Бұл мерекенің басты мақсаты – балалардың өмірін, денсаулығын, құқығын қорғап, оларға қамқорлық жасау. Өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған бүлдіршіндердің басын қосқан мерекелік шараға Достық ауылдық округінің әкімі Ермек Сейфіл-Мәлікұлы қатысып, әр балаға бақытты балалық шақ пен жарқын болашақ тіледі.
Бүгінгі іс-шарада құтқарушылар балалар үшін түрлі сайыстар, шеберлік сабақтар, флешмоб, көңілді концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Өз кезегінде салтанатты іс-шараға жиналған қонақтар осындай игі шараны ұйымдастырған Достық ауылдық округінің әкімшілік ұйымына алғыстарын жаудырып, өздерінің ризашылықтары мен ізгі тілектерін білдірді. Балаларды қуантатын мұндай ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1009080?lang=kk

Жауап қалдыру