«Халық заңгері» акциясы аясындағы кеңестер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті  қызметкерлері республикалық «Халық заңгері» акциясына қатысты. Іс-шара барысында тұрғындарға өзекті мәселелерді шешуге қатысты заңгерлік кеңестер мен ұсыныстар берілді.

Негізгі көтерілген тақырыптар – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, салық мәселелері және қаржылық алаяқтықпен күрес. Азаматтарға сотқа дейінгі реттеу жолдары, құқықтық қорғау тетіктері мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

Аталған акцияға қатысу – қаржылық мониторинг органдарына деген сенімді нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы  жүйелі жұмысының бір бөлігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1009236?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді