Көпжасарлық түлектер ауылдарына киіз үй мен домбыра мүсінін тарту етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Көпжасар ауылдық округінде мектепті бітіргендеріне 30 және 40 жыл толған түлектер туған ауылдарына ерекше тарту жасады. Олар ауылдың рухани өміріне үлес қосу мақсатында киіз үй мен домбыра мүсінін орнатты.
Мәдениет үйі алдында тарту етілген киіз үйдің лента қиылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев түлектерге алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, 40 жылдық түлек, Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарма төрағасы Ажар Ғинаят жүрекжарды лебізін білдірсе, ақын-жазушы Мұнайдар Балмолда мектеп кітапханасына кітаптарын сыйға тартты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhangala/press/news/details/1010401?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді