
Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А.Әлжанов пен аудандық мәслихаттың депутаты С. Сәрсембинов Костычева ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жаңартылған «Айгөлек» шағын орталығының салтанатты ашылуы рәсіміне қатысты.
Шағын орталықтың күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 95 миллион теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарын «Арал 0,5» ЖШС жүргізіп, оларды небәрі екі ай – наурыз бен мамыр аралығында аяқтады. Қазіргі таңда орталықта 28 бала тәрбиеленуде. Олар үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасалған. Бұл балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Іс-шара барысында Жарқайың ауданының құрметті азаматы, «Костычев атындағы» ЖШС директоры Балғабай Жамантайұлы құттықтау сөз сөйлеп, педагогтарға шабыт пен кәсіби табыс тілеп мекеменің әрі қарай дамуына 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1009274?lang=kk

Жауап қалдыру