МЕДЕУ АУДАНДЫҚ БМСКК ОРТАЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ: ҚАМҚОРЛЫҚ, НАЗАР ЖӘНЕ КІШКЕНТАЙ ПАЦИЕНТТЕРГЕ СЫЙЛЫҚТАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласы Медеу ауданының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында Ашық есік күні өтті.

Бұл шара балалардың денсаулығы мен амандығына арналған нағыз мерекеге айналды, сондай-ақ, ата-аналар үшін жайлы әрі жылы атмосферада білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік болды.

Осы күні орталықта келесі қызметтер көрсетілді:
 учаскелік педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері (ЖТД) және бейінді мамандардың қабылдауы
мейіргерлер, күндізгі стационар, егу және физиотерапия кабинетінің мамандарымен кеңес беру
балалар мен ата-аналарға қолдау көрсеткен психологпен кездесу
Орталыққа келген әр балаға медицина қызметкерлері тарапынан мейірім мен қамқорлықтың белгісі ретінде шағын сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай іс-шаралар ауруларды ерте анықтауға және халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға ғана емес, сонымен қатар балалардың дәрігерлерге және өз денсаулығына деген оң көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Медеу аудандық БМСКК орталығы кішкентай тұрғындардың және олардың отбасыларының денсаулығы жолында сенімге, ашықтыққа және кәсібилікке негізделген жұмыстарын жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1008838?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді