Мұқаншы ауылдық округі әкімінің халықпен есептік кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 20 мамыр күні сағат 10:00-де Жетіжал ауылындағы мәдениет үйінде Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлының халықпен есептік кездесуі өтті.

Кездесу барысында әкім округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2024 жылы атқарылған жұмыстар және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы жан-жақты есеп берді. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен сұрақтары тыңдалып, нақты жауаптар берілді.

Ашық әрі мазмұнды форматта өткен бұл кездесу тұрғындармен тиімді диалог орнатуға, жергілікті басқару жұмыстарының ашықтығын арттыруға ықпал етті.

Кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірген барлық азаматтарға шын жүректен алғыс айтамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/1009332?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді