
5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Көксу ауданы әкімінің орынбасары Шалкибеков Ержан Өтегенұлы пен округ әкімі Мамыр Мұхит Сатымбайұлы тыл ардагерлерін арнайы марапаттады.
Ардагерлерге «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі табысталып, олардың үйлеріне барып, хал-жағдайлары сұралды. Бұл — ардагерлердің ел үшін сіңірген еңбегіне көрсетілген шынайы құрмет пен алғыс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы негізінде табысталған бұл медаль — ерлік пен еңбектің нышаны.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/1009137?lang=kk

Жауап қалдыру