
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Петровка ауылында болып, 80 орындық мектепті абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Сапар барысында ол оқу кабинеттерін, үй-жайларды қарап шығып, бірқатар кемшіліктерді атап өтті, бұл туралы «Өркен» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдеріне хабарлады. Сондай-ақ аудан әкімі ұстаздармен жүздесіп, оқу-тәрбие үдерісінің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жағдайына қатысты пікірлерін тыңдады.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1010375?lang=kk

Жауап қалдыру