Қазақстан «Белагро-2025» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Минск, 3-7 маусым 2025 ж. – Беларусь астанасында «Белагро-2025» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр. Бұл әлемнің түрлі елдерінен 550-ден астам компанияны біріктірген агроөнеркәсіптік сектордың басты оқиғасы.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Сәуле Жұрынова бастаған ресми делегация, сондай-ақ жетекші қазақстандық кәсіпорындардың өкілдері қатысып жатыр.
Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің қолдауымен қазақстандық қатысушылар ұлттық агроөнеркәсіптік кешеннің жетістіктерін көрсете отырып, «АгроШОС» тақырыптық экспозициясы аясында өз өнімдерін таныстырады.
Биыл көрме Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің аграрлық саладағы ынтымақтастығын дамытуға ерекше назар аударады. «ШЫҰ-ға мүше елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» форумында сөз сөйлеген қазақстандық делегация басшысы С.Жұрынова мұндай іс-шараларға қатысу өзара тиімді ынтымақтастық пен Қазақстан-Беларусь іскерлік байланыстарын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті. «ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық іс – қимылдарды үйлестіру, технологиялармен алмасу және ауыл шаруашылығын орнықты дамытудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер туғыза отырып, ерекше өзектілікке ие болады», – деп атап өтті С.Жұрынова.
Көрме аясында Беларусь және халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіліп, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1011113?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді