
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы бойынша қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік органның уәкілетті адамының актісімен тағайындалады.
Қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау туралы және мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары туралы мәліметтер қызметтік тергеп-тексеру тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымды атқаратын мемлекеттік органның уәкілетті адамына хабарланады.
Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқарған мемлекеттік органның комиссиясы қарайды және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыным шығарылған жағдайда, мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметшінің соңғы жұмыс орны бойынша тиісті материалдарды жібереді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1009263?lang=kk

Жауап қалдыру