Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

#MaslikhatAlmaty Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысты. Күн тәртібінде депутаттар бірқатар маңызды мәселелерді қарады:

🔹 Тиісті басқармалар 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын таныстырды. Есептерде қаланың әлеуметтік саласындағы оң өзгерістер атап өтілді. Атап айтқанда, жастар бастамалары мен комьюнити-орталықтардың саны артты, мәдени іс-шаралар мен музейлерге қатысу деңгейі жоғарылады, спорт секцияларымен қамту көрсеткіштері орындалды, сондай-ақ діни саясат саласындағы ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар күшейтілді

🔹 Күн тәртібіндегі келесі мәселе – 2025–2027 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу. Талқылау барысында кітапханаларды жаңғырту, театрларда инклюзивті ортаны кеңейту, халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу және дарынды жастарды қолдау жобалары қаралды. Сондай-ақ, патриоттық және мәдени контентті күшейту, комьюнити-орталықтар инфрақұрылымын дамыту бастамалары ұсынылды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1010154?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді