Қосшы қаласында ағаштардың бұтақтарын кесу жұмыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мамандар ағаштардың қалпы мен өсуін жақсарту мақсатында белсенді түрде крондау жұмыстарын жүргізуде. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қаланың көшелерінің көркем келбетін сақтау үшін маңызды.

Ағаштарды кесу жұмыстары қаланы абаттандыру аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстар құрғақ, зақымданған және артық бұтақтарды алып тастауды қамтиды. Мұндай күтім жасыл желектің сыртқы көрінісін жақсартып қана қоймай, олардың өсуіне серпін беріп, қолайсыз ауа райына төзімділігін арттырады.

Қаламыздың тазалығы мен тәртібін бірге сақтайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1008825?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді