
Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – мейірім мен қамқорлықтың символы. Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды кезең, ал әр бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Балалардың амандығы мен бақытты өмірі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір бала махаббат пен мейірімге бөлініп, бейбіт аспан астында бақытты өссін!
Құрметті балалар! Сіздерге денсаулық, бақыт, жарқын армандар тілеймін . Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін! Жазғы каникулдарың мәнді де қызықты өтсін!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1008892?lang=kk

Жауап қалдыру