Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев баяндады. Бағдарламаның «Таза бастау», «Жасыл толқын», «Таза табиғат» кезеңдері аясында аудан аумағында 21 рет сенбілік өткізіліп, 41 мың көшет отырғызылып, 120 тоннадан астам күл-қоқыстар арнайы орынға шығыралды. Ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында өтетін «Киелі мекен» кезеңінде тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру, әулиелі жерлерді реттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан құрылысы жүргізіліп жатқан нысандар туралы бөлім басшысы Серғазы Қалдыбаев баяндама жасады. Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1110 шақырымды құрайды. 2025 жылы жалпы ұзындығы 59,4 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауыз су жүйесі бойынша Диханкөл елді мекенінде жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 13 елді мекенде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ 3 елді мекенде суағар, 3 елді мекенде аяқ жол орнатылады. Ленгір қаласында «Алатау» мөлтек ауданындағы қосалқы станцияның құрылысы мен №3 кәріз тазалау нысанының құрылыстары жүргізілуде.
Аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев баяндады. 2025 жылы бюджет есебінен іске асырылатын жобалар саны – 19. Бүгінде Ленгір қаласында Қапал батыр көшесіндегі көп қабатты 3 тұрғын үй құрылысы, Алатау мөлтек ауданында, Момынай, Көксәйек, Қаратөбе елді мекендерінде инфрақұрылым нысандарының және Көксәйек, Момынай елді мекендерінде спорт кешенінің құрылыстары жүргізіліп жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан Достық елді мекенінде 900 орындық, Көксәйек елді мекенінде 600 орындық, Қосағаш елді мекенінде 300 орындықты мектептерінде сыртқы инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы атқарылып жатқан жұмыстар сапалы жүргізіліп, көрсетілген мерзімінде аяқталуы қажеттігін ескертті. Көтерілген әр мәселе бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуы жеке бақылауында болатындығын жеткізді.
Жауап қалдыру