
Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1992 жылдың 4 маусымы – еліміздің тарихындағы айрықша күн. Бұл күн – Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілген күн. Мемлекеттік рәміздер – ел егемендігінің, тұтастығының, бірлігінің және мәңгілігінің айғағы. Олар – халқымыздың өткенін, бүгінін және болашаққа деген сенімін бейнелейтін қасиетті нышандар.
Бүгінде көк байрағымыз халықаралық ареналарда биікке көтеріліп, жүректерімізді мақтанышқа бөлеп келеді. Елтаңбамыз – тарихи тамырымызды танытса, Әнұранымыз – отансүйгіштікке үндейтін рухты жыр.
Осы маңызды күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін! Мемлекеттік рәміздеріміз әрдайым асқақтап, Тәуелсіз Қазақстанның абыройы арта берсін!
Ізгі тілекпен,
Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1011167?lang=kk

Жауап қалдыру