
Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары болып Убайлуллин Даурен Темиралыұлы тағайындалды.
УБАЙДУЛЛИН Даурен Темиралыұлы
24 мамыр 1991 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2013 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қаржы» мамандығы, 2022 жылы Баишев Университеті «Құқықтану:Азаматтық-құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы Әйтеке би аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінде жастар тәжірибесімен бастаған.
2014 – 2018 жылдары аралығында «Әйтеке би ауданы әкімі аппараты» ММ төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы болып қызмет атқарған.
2018 – 2020 жылдары «Әйтеке би ауданы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы лауазымында еңбек еткен.
2020-2021 жылдары «Әйтеке би ауданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2021 – 2023 жылдары Ақтасты ауылдық округінің әкімі.
2024 жылы Ақтөбе облысының Еңбек мобильді орталығы Ақпараттық және талдау жұмысы бөлімі басшысы лауазымдарында болған.
Осы лауазымға дейін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Әйтеке би ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет атқарды.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1010343?lang=kk

Жауап қалдыру