Талдықорған қаласында мәслихат депутаттарының басын қосқан үлкен жиын өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің әр өңірінен келген мәслихат төрағалары, Парламент Сенаты жанындағы кеңестің мүшелері жиналған Қазақстан мәслихат депутаттары бірлестігінің есеп беру отырысына Абай облыстық мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков те қатысты.

Жиында әкімдік пен мәслихаттың бірлесе жұмыс істеуі, халықтың тұрмысын жақсарту, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы сияқты маңызды тақырыптар көтерілді. Сондай-ақ, Сенат жанындағы кеңесте ұсынылған бастамаларды іске асыру жолдары талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлар белгіленді.

Кеше делегация мүшелері Сарқан ауданында жеке қосалқы шаруашылықтарды араласа, бүгін Талдықорғандағы үстел теннисі орталығы, орталық бассейн және волейбол жаттығу кешені сияқты спорт нысандарымен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1009106?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді