«Зерек бала»: балалық шақ, білім мен шабыт мерекесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Успенка ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне және оқу жылының қорытындысын шығаруға арналған «Зерек бала» салтанатты іс-шарасы өтті!

мереке аясында талантты, белсенді және дарынды балаларды — олимпиадалардың, конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын және ауданның түкпір-түкпірінен оқу үздіктерін атап өттік. Балаларға лайықты еңбегі, білімге ұмтылысы үшін, естелік сыйлықтар, мадақтама қағаздары мен алғыс сөздеріне ие болды.

«Зерек бала» – бұл тек балалар еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар жаңа жетістіктерге деген жарқын мотивация. Іс-шара мереке, қуаныш пен шабыт атмосферасында өтті.

Педагогтарға, ата-аналарға және ұйымдастырушыларға жас ұрпақты қолдағаны және дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Алар асуларың биік болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1010339?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді