Жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әуежай аумағында жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша  семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әуежай қызметкерлерінің ЖРВИ-мен күресудегі біліктілігін арттыру, ауруды ерте анықтау және алдын алу шараларын тиімді түсіндіру болды.

Семинар барысында келесі маңызды тақырыптар қарастырылды:

  • ЖРВИ белгілері мен жұғу жолдары;
  • Әуежайда жолаушыда ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда қолданылатын іс-қимыл алгоритмі;
  • Алдын алу шаралары және жеке қорғану құралдарын дұрыс пайдалану тәртібі;
  • Санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен өзара іс-қимыл.

Қатысушыларға нақты жағдайлар бойынша мысалдар келтіріліп, арнайы әдістемелік материалдар таратылды. Бұл шара әуежай қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталды.

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1009146?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді