8 сайланған облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

8 сайланған облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

 

8 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы 2025 жылы 11 маусым сағат 15:00-де облыстық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өтеді.

Сессияға шақырылғандарды тіркеу сағат 14:30-дан бастап жүргізіледі.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілісі облыстық мәслихаттың конференц-залында (4-қабат) 2025 жылы 10 маусым күні:

әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссия және өнеркәсіп, құрылыс, инвестициялар және туризмді дамыту мәселелері жөніндегі комиссия – сағат 10:00-де болады;

экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссия және кәсіпкерлік, аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия – сағат 14:30-да.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-oblysy/press/news/details/1007285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді